Нұр-Сұлтанда оқушы бағдаршамды сындырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық жасөспірім бағдаршамды сындырды.

Полиция деректеріне сәйкес оқыс оқиға 25 мамыр күні кешке Қарасай батыр көшесіндегі «Забава» дүкенінің жанында болған.

Жасөспірім ұсталды.


Ол 15 жастағы оқушы болып шықты. Жасөспірім Сарыарқа ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ол жерге жас баланың ата-анасы да шақырылды. Профилактикалық әңгіме жүргізілгеннен кейін оның заңды өкіліне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 435-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, - делінген ведомство хабарламасында.

Шешім қабылдау мақсатында аталған істің материалдары Нұр-Сұлтан қаласы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Еске салсақ, кеше оқу жылы аяқталып, барлық мектепте соңғы қоңырау соғылды. Дегенмен әр өңірдің мектебінде түрлі жағдайлар болды. Мәселен Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы соңғы қоңырау төбелеспен аяқталып, 7 оқушы ұсталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы