Нүкенованың жазбасынан: "Маған шыншыл, адал, қамқор болатыныңды дәлелдеші"

Сот отырысында судья Айжан Құлбаева Бишімбаевтың галереясындағы фото-видеоларға шолу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айыпталушы Қуандық Бишімбаев судьядан 15-19 шілде аралығындағы әңгімелесудің скринін оқуды сұрады. Онда Нүкенова пен Бишімбаевтың жеке әңгімелері жазылған.

Онда марқұм Салтанат Нүкенова қарым-қатынасты доғаратынын айтып, кейін өзі кешірім сұраған.

Нүкенова: Жарайды, бірге болу басымызға жазылмаған екен. Қош бол. Сені өмірімнен өшіремін.

Бишімбаев: Мен қазір үйді қиратамын, телефонды көтер... Бізде бәрі жақсы болады. Арамызда құрмет пен достық қалсын..

Нүкенова: Мен сені жақсы көремін, кешір мені, қайтып орал... Бәрін басынан бастағым келеді. Мүмкін бәрі жақсы болып кетер...

Сондай-ақ 17 шілдеде Нүкенова:

Мен жалғыз қалғым келмейді. Ал басқа біреуді енді жақсы көре алмаймын. Мен мың рет шыдап, бәрін кешірдім. Сен мені түсін. Шынын айтсам, нарцисс әрқашан сізді бағаламайды деген секілді түрлі нәрсені оқып, кеттім. Маған шыншыл, қамқор бола алатыныңды дәлелде. Ал мен жақсы әйел болатынымды дәлелдеймін. Мен осы секілді мақалаларға емес, саған сенгім келеді,-деп жазады.

Ал жәбірленушінің қорғаушысы Бишімбаевтан бұл скриншоттарды не үшін сақтағанын сұраған еді.

Мен әрбір ұрыстан кейін онымен болған әңгімелерді өшіретінмін. Бұл скриндарды оған кейін көрсету үшін сақтадым,-деп жауап берді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін айыпталушы Қуандық Бишімбаевтың ұялы телефонынан Нүкеноваға қатысты түсірілген 12 видеоның табылғанын жазған болатынбыз. Салтанаттың ағасы сотта көз жасына ерік берді. Бишімбаев Нүкенованы видеоға не үшін түсіргені туралы да айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Инстаграм: aitym
Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы