Николас Мадуро Нью-Йорк түрмесіндегі суреттерін жариялады
Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро X желісінде Нью-Йорк түрмесінде түскен суреттерін жариялап, «Біз берік тұмыз» деген жазба қалдырған, деп хабарлайды CBS News.
АҚШ күштері ұстап әкеткеннен бері Нью-Йорк түрмесінде қамауда отырған Венесуэланың тақтан тайдырылған көшбасшысы Николас Мадуро жексенбі күні әлеуметтік желіде суреттерін жариялап, «берік тұрғанын» мәлімдеді.
Айта кетейік, Мадуро мен жұбайы Силия Флорес қаңтар айында АҚШ-тың әскери операциясы кезінде Каракаста тұтқындалған болатын.
Қазіргі уақытта олар Нью-Йорк штатының Бруклин қаласындағы түрмеде есірткі тасымалдады және қару-жарақ сақтады деген айыптармен қамауда отыр. Алайда олар бұл айыптауларды жоққа шығаруда.
«Мен бұл суреттерді барлық немереме, ұлдар мен қыздарға және бізді жақсы көретін барлық жақсы адамдарға шағын сыйлық ретінде жолдаймын», – деп жазды ол Telegram мессенджерінде.
«Біздің сіздердің махаббаттарыңызға толы жүрегімізбен берік тұрғанымызды білсеңіздер екен деймін», – деп қосты ол.
Еске салайық, 3 қаңтар күні АҚШ Боливар Венесуэла Республикасының басшысы Николас Мадуроны ұстау бойынша арнайы операция жүргізген. Елден оның жұбайы Силия Флорес те шығарылған.
5 қаңтарда олар Нью-Йорктегі федералдық сот алдына есірткі саудасына қатысы бар деген айыппен жеткізілді. Мадуро мен оның жұбайы тағылған айыпты мойындаған жоқ.
Қаңтар айында сотта Мадуро «Мен әлі де Венесуэла президентімін» деп мәлімдеме жасады.
Pequeño regalo de amor y esperanza
— Nicolás Maduro (@NicolasMaduro) August 30, 2026
Envío estas fotos como un pequeño regalo a todos mis nietos y nietas, a los niños y niñas, y a toda la gente noble que nos ama. pic.twitter.com/Z6u3130arn