18 Наурыз 2025 2025, 12:07 Фото: Видеодан скрин

"Назира голд" иелерінен 300 миллионның алтыны мен бума-бума ақша тәркіленді

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Nazira Gold" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті "Nazira Gold" қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген.

Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған.

Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған. Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған.

Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 кг алтын бұйымдар тәркіленген. Күдіктілер екі айға қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды.