Әлемдік бәсекеде ғылымды көтеретін ұрпағы бар ел жеңіске жетеді – Назарбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық жастармен кездесіп, Жастар жылын ашты. Осы орайда Мемлекет басшысы жастарды бәсекеге қабілетті болуға шақырды.


«Бүгінде барлық салада маңызды өзгерістер болып жатыр. Білім, жұмыс, отбасы, тіпті қалай бір-бірімізбен өзгеше араласамыз. Мұның бәрі әлемнің, соның ішінде Қазақстанның даму траекториясына әсер етеді. Біздің көз алдымызда жаңа ғаламдық өркениет өмірге келді. Цифрлық қоғам бұл жаңа білім. Менің буынымда оқушы болған кезде әсіресе ауылдық жерлерде тіпті телевизор болған жоқ. Радио енді ғана пайда болды. 100 жыл бұл – қысқа уақыт, қас-қағым сәт. Он жылда қалай әлем өзгергенін қараңыздар. Сол себепті еліміз уақыт ұсынып отырған сын-тегеуріндерге сай келуі тиіс. Біздің барлық жетістігіміз артта қалмауымыз үшін осындай жаңалықтарды ашуға дайындауға бағытталған. Сол себепті, жастар – елдегі бәсекеге қабілетті негізгі фактор. Аллаға шүкір, біз бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кірдік. Бірақ бұл –аз», - деді Назарбаев.

ҚР Президенті бүгінде әлемде ел мен елдің арасында ғана емес, адам мен адам арасында бәсеке жүріп жатқанын атап өтті. 

«Бұл бәсекеде ғылымды, білімді көтеретін креативті ұрпағы бар ел жеңіске жетеді. Мен бүгін осыны көріп отырмын. Сіздерден, сіздердің энергияларыңыз бен білімдеріңізге, патриотизмдеріңізге Қазақстанның болашағы тәуелді. Барлық потенциалыңыз бен мүмкіндігіңізді көрсету үшін біз барлығын жасап отырмыз», - деді Мемлекет басшысы.

Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.

Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды.

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға бас қосқан белсенді жастардың бірі Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызатынын айтты.

Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.

Қазақты әлемге танытқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Моңғолияға шақырды.

Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатында Астана ашық университет жобасын таныстырды.

Жиында жастарды тыңдаған Мемлекет басшысы «сөзді тоқтатпай, айта берсін деген ой келді» деді. Елбасы Жастар жылының маңыздылығын атап өтті.

Назерке Абибулла

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы