Назарбаев: Жаңа буын – еңбегімнің ең үлкен жемісі
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Жастар жылының ашылу рәсімінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған жылдын маңыздылығын атап өтті.
Жиында жастарды тыңдаған Мемлекет басшысы «сөзді тоқтатпай, айта берсін деген ой келді» деді.«Жастар, сендер мен айтайын деген негізгі мәселенің барлығын әр салада көтеріп жатырсыңдар. 27 жыл тәуелсіздіктің ішінде көп нәрсе жасадық, көп жеңіске жеттік. Тәуелсіздік Қазақстанды орнатып, мемлекетті дүниежүзі картасына қойдық. Бұл ауқымда, бұл шекарада дәл осындай жағдайда Қазақстан еш уақытта болған жоқ. Бұрын дүниежүзі барлығын паш еткен, мойындаған, қадірлеген ел болғанымыз жоқ. Сондықтан, ата-бабымыз арманымызды орындап, біздің бүгінгі тәуелсіздігімізді орнатты», - деді Назарбаев.
Президенттің айтуынша, саясатқа келген әрбір адамның, әсіресе ел басқарамын деген үміті бар азаматтардың халыққа жолдайтын ішкі ойы, жоспары болуы керек.
«Сол жоспарды іске асырып, нәтижесін көрген саясаткер бақытты. Істеп жатқан жұмыстың барлығын айта беруге болады. Елімізді құрдық, экономиканы көтердік, халықтың әл-ауқатын жоғарылаттық, мәдениетін, денсаулығын, барлығын көтердік. Дүниежүзі таң қалатын Астананы салдық. Бірақ та, ішіндегі ең негізгі жетістік – сендерді, жаңа буын қазақстандықтарды тәрбиелеп шықтық. Жаңа буын - Қазақстанның ең үлкен жетістігі, менің Мемлекет басшысы ретіндегі еңбегімнің ең үлкен жемісі», - деді Елбасы.
Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.
Жас кәсіпкер Расул Абдуллаев елімізді ребрендинг жасайтын ұйым құруды ұсынды.
«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атаумен өтіп жатқан салтанатты шараға бас қосқан белсенді жастардың бірі Тамила Розметова Астанада алма бағын отырғызатынын айтты.
Атап өтсек, моңғолиялық қандасымыз қазір елордалық мектепте білім алып жатыр. Бұған дейін құсбегілік өнерін әлемге танытқан бүркітші қызбен сұхбаттасып, Елбасымен кездесу алдындағы көңіл-күйін сұрастырған едік.
Қазақты әлемге танытқан бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Моңғолияға шақырды.
Wikibilim қоғамдық қорының жетекшісі, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылу салтанатында Астана ашық университет жобасын таныстырды.
.
Қымбат Елтайқызы
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Байқоңыр ауданының әкімдігі базарларды жаңғыртуға кірісті
Келесі жаңалық
Ұлттық банк жаңа монеталарды айналымға шығарды
Өзгелердің жаңалығы