Назарбаев университеті студентінің қазасына қатысты министр пікір білдірді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жатақханадан мәйіті табылған Назарбаев Университеті студентінің өліміне қатысты пікір білдірді. Сөзінше, бұл жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, бұл жағдай бойынша полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша ("Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу немесе көмектесу") тергеу жүргізіп жатыр.

Қазіргі таңда Қылмыстық-процессуалдық кодекс аясында ешқандай деректер жарияланбайды. Біз тек полициямен бірлесіп жұмыс істеп жатқанымызды растай аламыз, – деді Саясат Нұрбек.

Журналистер министрден оқиға студенттер арасындағы жанжалдың салдарынан болуы мүмкін бе деген сұрақ қойды.

Біз бұл жөнінде ештеңе түсіндіре алмаймыз. Тергеу аясында қосымша ақпаратты полиция департаменті береді деп келісілген, – деп түйіндеді министр.

Еске сала кетейік, Астанада Назарбаев Университеті жатақханаларының бірінде студент қыздың денесі табылған еді. Аталған іске қатысты тергеу жұмыстары басталғанын да жазған едік. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы