Наурызда коронавирустың жанама әсерінен 169 адам қайтыс болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «ҚР-да МСАК-тың рөлі мен дамытуды күшейту және COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы» брифинг барысында айтты. 

Наурыз айында коронавирустың жанама әсерінен қайтыс болғандар саны 169-ды құрады, - деді Ажар Ғиният журналистің қойған сұрағына. 

Өз кезегінде ДСМ басшысы Алексей Цой коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын ай сайын немесе тоқсан бойынша ұсынылуы мүмкін екенін айтты. 

Себебі бұл жеке сауал болып табылады. Оған жеке адамдарды бөлу қиындықтар туғызуы мүмкін. Оған қоса бұл мәлімет бойынша күн сайынғы статистиканы күн сайын беру мәселесі тұрған жоқ. Біз бұл жұмысты жүргізіп жатырмыз. Осы бойынша мәліметті беріп отыратын боламыз. Қазір қызметкерлер тікелей жұмыс істеп жатыр. Әрбір қызметкердің өз жұмысы бар. Сондықтан оларға қосымша есептік жұмыс болмас үшін күнделікті ақпарат ұсынбаймыз. Бұл ақпаратты жиі беруге тырысамыз. Бұл жерде ешқандай құпия жоқ. Бұл ақпаратты тоқсандық және кезеңдік түрде ұсынуды қарастырамыз, - деді Цой.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Цой Қазақстанда вакцина сатылымына ресми рұқсат берілген жоқ екенін айтты.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы