Бүгiн 2026, 14:45 Фото: видеодан скриншот

Нахчыванда дрондар құлады: Әзербайжан Иран елшісін шақыртты

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Иран тарапына қатаң наразылық білдіріліп, тиісті нота тапсырылмақ.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Иранның Әзербайжандағы елшісін дрондардың құлауына байланысты шақыртты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Әзербайжанның сыртқы саясат ведомствосы Иранның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Моджтаба Демирчилу министрлікке шақырылғанын мәлімдеді. Бұған Нахчыван аумағына ұшқышсыз ұшу аппараттарының құлауы себеп болған.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Иран тарапына қатаң наразылық білдіріліп, тиісті нота тапсырылмақ.

Ведомство мәлімдемесінде Ираннан аталған оқиғаға қатысты жедел түрде түсініктеме беру, сондай-ақ мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдау талап етілген.

Иран Ислам Республикасының Әзербайжан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Моджтаба Демирчилу Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Иран тарапына қатаң наразылық білдіріліп, тиісті нота табысталады, – делінген Әзербайжан СІМ мәлімдемесінде.

Сондай-ақ ресми Баку Ираннан Нахчыван аумағына құлаған дрондарға байланысты жағдайды қысқа мерзім ішінде нақтылап, тиісті түсініктеме беруді талап етті.

Еске салайық, бұған дейін Иран дроны Әзербайжандағы әуежай аумағына құлады.