Нақты жұмыс жоқ – Назарбаев Үкімет отставкасы мәселесін көтерді
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Бүгінгі жиында өткен жылғы жұмыс қорытындыланып, алдағы жылға жоспарлар бекітілді. Сондай-ақ, Елбасы отырыста Үкімет отставкасы мәселесін көтерді.
«Енді сіздерге екіде-екі дегенді түсіндіру керек пе? Барлығымыз қолымызды сермеп, бірдеңе істейміз, бірақ нақты жұмыс жоқ. Премьер-министрдің өзі осы мәселені шешуі керек. Әрдайым, бапта болуларың керек. Мен сендерге кету керек деп жай айттым. Кетпеңдер, жұмыс істеңдер, есеп беріңдер», - деді Назарбаев.
Атап өтсек, Елбасы бұған дейін Үкімет мүшелерінің жұмысын сынға алып, «министрлер емес, қорқақсыңдар» деген болатын.
«Шешім қабылдау үшін қолдарың мен тізелерің дірілдейді. Онда не үшін жұмыс істеп жүрсіңдер? Маған барлық банктерді тазалап беріңдер, сонда осы Үкімет міндеттерін адал орындады деп санаймын, және осылайша отставкаға кетіңдер. Бұл нағыз жұмыс болар еді», - деген еді бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы