Нұрәлі Әлиев Айсұлтан жайлы көп нәрсе айтылмай қалғанын мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күні кеше дүниеден өткен Айсұлтан Назарбаевтың туған ағасы Нұрәлі Әлиев әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды.
Австрияда қайтыс болған Рахат Әлиев пен ҚР Сенатының экс-спикері Дариға Назарбаеваның тұңғышы інісінің мәңгі жүрегінде екенін жазған.Қымбатты Айсұлтан бауырым. Дәл қазір менің қандай сезімде екенімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көп нәрсе айтылмай қалды. Сен мәңгілік менің жүрегімдесің. Сені үнемі жақсы көретін боламын. Жатқан жерің жайлы болсын,- деп жазды Нұрәлі Әлиев Instagram парақшасында.Видео Айсұлтанның Меккеге қажылық кезінде түсірген фотосуреттерімен аяқталған. Сөз соңында Нұрәлі оның хатын келесі сөздермен аяқтады: "Шынында да, біз Аллаға тиесіліміз, және біз оған қайта ораламыз!".
Еске сала кетейік, 16 тамызда Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жиені Айсұлтан Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы хабарланды.
Алдын ала болжам бойынша 30 жастағы Айсұлтанның жүрегі тоқтап қалған. Анасы Дариға Назарбаева қоғам отбасының қайғысына түсіністік танытатынына сенім білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы