«Мыңжылдық» аллеясы елорданың экожүйесін жақсартады

Алматы, BAQ.KZ. Аллеяның микроклиматы жасыл айлақ құрып, Нұр-Сұлтан қаласының экологиялық әлеуетін арттырады.

Қарашаның басында Шотландияның Глазго қаласында БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне қатысты тарихи конференция басталды. Іс-шарада әлемдік қоғамдастықтың мыңжылдығын дамыту мақсатында құрылған экология және тұрақты даму мәселелері талқылануда. Қазақстан кедейлікті жою, жалпыға бірдей бастауыш білім беру, адам құқықтары, денсаулық сияқты көптеген бағытта осы индикаторлардың көбіне қол жеткізуде айтарлықтай прогреске жеткені белгілі. Алайда БҰҰ мыңжылдығының жалғыз мақсаты – экологияны ескере отырып, тұрақты дамуды қамтамасыз ету.

Экологиялық тұрақтылыққа өндірістерде ғана емес, сонымен бірге қалалардағы ахуалды жақсарту арқылы қол жеткізуге болады. Қазіргі кезде қалалар өсіп, автомобилизация үдерісі өмір сапасы, ауа және қала тұрғындарының демалысы тұрғысынан табиғи тепе-теңдіктен асып түсіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында мұндай кемшіліктерді төмен көміртекті дамуға арналған тыныш айлақ құруға қабілетті, тұрақты рекреациялық аймақтар өтей алады. Елордада Ботаникалық бақ пен басқа да саябақтар қатарында қала шуы мен шаң-тозаңнан бір мезетке алыстататын орындардың бірі ретінде Бейбітшілік және келісім сарайынан «Нұрлы жол» вокзалына дейін алты шақырымға созылған «Мыңжылдық» аллеясын атауға болады.

Қала салу жобалары шеңберінде ауданы мыңнан аса гектарды алатын осындай экологиялық қолайлы аймақты салу туралы бірнеше жыл бұрын хабарланған еді. Урбанист мамандардың жоспары бойынша аллея «Нұрлы жол» гүлзары, Президент саябағы, Бәйтерек, сондай-ақ ғашықтар саябағынан елорда жүрегінің жасыл желегін жалғастырып тұр. Қала әкімшілігі аллеяға жолдар торабы мен инженерлік коммуникацияларды тартты. Ал оның заманауи түрлі стильде аббаттандыру және сәулет жұмыстарын құрылыс саласындағы алпауыт «Базис», BI-Group, Sensata Group компаниялары жүргізіп жатыр.

Құрылыс саласындағы бизнесмендер ең алдымен үлкен саябақтың жайлылығы мен жасыл желекпен көмкерілген бірыңғай көпфункционалы кешеннің тарихи идеясына қызығушылық танытты. Аллея айналасында салынып жатқан ғимараттар аумаққа экологиялық жүктеме түсірмеу мақсатында небәрі бес-алты қабаттан аспайды және Нұр-Сұлтан қаласының табиғи-климаттық жағдайы мен еуропалық қалалар тәжірибесін ескере отырып бой көтеруде.

Біз үшін бұл жоба сынақ алаңы іспетті, өйткені «Мыңжылдық» аллеясы – астанамыздың визит картасына айналатын ауқымды жоба. Оны іске асыруда еңбектену арқылы біз заманауи урбанистика мен сәулетте озық тәжірибені ұстанып, жоғары сападағы құрылыс материалдарын қолдануға тырысудамыз, – деп атап өтті «Sensata Group» құрылыс компаниясы маркетинг бөлімінің жетекшісі Сергей Узденов.

Аллеяның ілгерілмелі түзеліп келе жатқан микроклиматы елорданың жасыл желекті бөлігі маңында тұруға шешім қабылдаған адамдарды баурап алды. Серуенге арналған жолақтар, көкорай газон мен су бұрқақтары, тыныш мекен өзіне үнемі тартып тұратын қайталанбас атмосфераны сыйлайды. Дәл осы жерде адамдар қаланың күйбең тіршілігінен бір сәтке демалып, саялы жердің таза ауасын жұтып, сергіп қалады. Әдетте шырайлы әсем жерде табиғатпен оңаша қалу миді тынықтырады, жадқа жақсы ойлар келіп, өскелең ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғап қалуға ұмтылыс пайда болады. Осылайша «Мыңжылдық» аллеясы елорданың тұрақты дамуы мен тұрғындар үшін энергия алудың мекеніне айналмақ.

«Мыңжылдық» аллеясы әлем астаналарында, мәселен Вашингтон немесе Мәскеуде сәтті іске асып жатқан «баршаға арналған жасыл қала» тұжырымдамасының айқын көрінісі. Мұндай орасан зор жобалар урбанизация және адамдардың белсенді тіршілік етуінен зардап шегіп жатқан табиғат арасындағы қақтығысты жайғастырады. Абаттандырылған инфрақұрылым мен аллеяны көгалдандыру үйлесімі адамдардың тынығуы үшін саялы қоршаған ортаны қалыптастырады және экология құндылықтарына сәйкес қала кеңістігін ұйымдастырады, – деп санайды ландшафтық дизайн жөніндегі маман Владимир Бибиков.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы