Мусин зауытты цифрландыруға қажет үш міндетті атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Менің Алматы қаласындағы жұмыс сапарым екінші күн жалғасуда, деп жазды ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Министр жаңа идеялар мен ойларды тудыратын әдеттегіден тыс мәліметтерді біліп жатқанын атап өтті. 

Мысалы бүгін біздің грант алушы болып табылатын Алматы желдеткіш зауытында болдым. Қазір бұл зауыт қарқынды жұмыс істеп, экспортқа шығарылатын өнімді дамытуда. Зауыттың осындай дәрежеге жетуінің себебі неде? Шамамен 10 жыл бұрын, елдің жер қойнауынан пайда табу мақсатында бизнеске инвестиция салған ірі компаниялар үшін қарсы міндеттемелер жазылды. Осы компанияның арқасында өнімді тек жергілікті өндірушілерден сатып алуы тиіс еді. Сондықтан да АЖЗ бүгінде Теңіз Шевройл сияқты компаниялар үшін жаппай өнім шығарады. Сондай-ақ Ұлыбритания, Ресей және т.б. елдерге экспортқа өнім шығарады, - деп жазды ол.

Ол зауытты цифрландыруды және ағымдағы қажеттіліктерді талқылай отырып, қазірдің өзінде шешуге маңызды үш міндетті атап өтті. 

Біріншіден біз мемлекет ретінде заңдар, нормативтік құжаттар және тағы басқа құқықтық негіздемелер арқылы сұранысты қалыптастыру үшін жағдай жасауымыз қажет. Қазір біздің жұмысымыз – жалпы айтқанда, өртті сөндіру, ал егер барлық процесс түсінікті және жазылып қойылған болса, онда деректерді жеткізуші болып табылатын сол немесе өзге датчиктерді не үшін, қайда және қалай пайдаланамыз. Бұл деректерді қай деректер қорына толтыру керек және т.б. туралы түсінік жоқ. Мемлекет сұранысты тудырумен жүйелі түрде айналысуы керек. Әрине, біздің жұмысымыздың нәтижесі АЖЗ сияқты бір-екі жылдан кейін байқалмайды, - деп жазды Мусин.

Екіншіден министрдің айтуынша, АЖЗ грантты жеңіп алған кезде, бұл ақшаға олар лазерлік қондырғыны сатып алып қана қоймай, бәрін сипаттауға және құрылымдауға көмектесетін консалтингтік компанияларды да тартты.

Сондықтан біз мемлекеттік орган ретінде ҚР ИИДМ-мен бірге салалық стандарттарды әзірлеуге назар аударуымыз керек. Олар қандай да бір датчик, қандай да бір құрылғыда не үшін қажет екенін нақты айтып, олардан осы ақпараттың деректер қорына енуін талап етуіміз керек. Бұл цифрландыруға сұранысты тудыратын стандарттар мен регламенттерді пысықтау процесі. Қазір біз өртті сөндіріп жатырмыз, бізде смарт реттегіш жоқ. Мемлекеттік органдарға консалтинг тартуға тыйым салынғанын түсінемін. Бірақ онсыз қазір өнеркәсіпті цифрландыру тұрғысынан жүйелі түрде алға жылжу қиынға соғады. Консалтингтік компаниялар Қазақстанда өнеркәсіп пен инновацияны дамытудың қазіргі деңгейіне сәйкес келетін дұрыс стандарттарды объективті түрде жаза алады, - деп жазды ол.

Бағдат Мусин үшінші міндетке тоқтала келе, ең маңыздылардың бірі - адами капитал екенін атап өтті. Цифрландыру үдерістерін басқара алатын және салалық жобаларды дамыта алатын мамандардың жоғары біліктілігі.

Айта кетейік, кеше Бағдат Мусин бүгін жұмыс сапарымен Алматы қаласына барып, бірқатар маңызды кездесу өткізді. Кездесу барысында Алматының IT-архитектурасы бекітілгені белгілі болды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы