Мусин мектептегі интернеттің жайы туралы айтты

Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта 3063 мектепте Халықаралық телекоммуникация одағының ұсыныстарына сәйкес интернет жылдамдығы артты.

Жергілікті атқарушы органдар осы жылдың қыркүйегіне дейін интернет жылдамдығын арттырудың техникалық мүмкіндіктері бар 1 402 мектепте интернет жылдамдығын арттырады. Интернет жылдамдығын арттырудың техникалық мүмкіндіктері жоқ 2003 мектепке «Ауылдарды оптикалық желілермен қамтамасыз ету» жобасы аясында жеткізілетін болады, - деді Бағдат Мусин.

Еске сала кетейік, осыған дейін  министр 3 000-нан астам ауыл мен 17 000 км автожол интернетпен қамтамасыз етілетіні туралы айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы