Мұнайдан түскен табыстың қанша пайызы Қазақстанда қалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасында Қазақстан мұнай газ саласы сервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов елімізде мұнайдан түскен табыстың қанша пайызы Қазақстанда қалады деген сұраққа жауап берді.

Бұл – өте ауыр сұрақ. Себебі о баста қазақи кеңпейілділігіміз ұстады ма, мамандардың тапшылығы болды ма әлде прагматикалық тұрғыда есептен қателестік пе, алғашқы келген инвесторлармен 40 жылға дейін өнімді бөлісуге қатысты келісімшарт жасадық. Бұл жерде жыл сайын Қазақстанның алатын үлесі ұлғая береді. Мысалы, қазір теңіз-жер қойнауы бойынша Қазақстанның табысы жаман емес. Өте жақсы. Бірақ Қашаған бойынша 10%-ға да жетпейді. Сондықтан мұнда барлығы келісімшартқа байланысты, - деп айтты Рашид Жақсылықов. 
Ол келісімшартты көзімен көргендер аз болуы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар жоба қонағы қазақстандықтардың «Неліктен арабтар сияқты өмір сүрмейміз?» деген сұрағына жауап берді.

Басқа мемлекетте болады, бізде неге болмайды деген заңды сұрақ. Мұндай сұрақтарды жоққа шығара алмаймыз. Мұның да өзінің белгілі себептері бар. Біріншіден, арабтардың табысы екі саладан ғана келіп отыр – мұнай-газ және туризм. Басқа айналысатын ештеңе жоқ. Олар халықты асырау үшін ұлттық негізді күшейту керегін білді. Қазір арабтарда ұлттық негіз 100%. Біз тіпті кейбір техниканы арабтардан әкеліп отырмыз. Өндіріс зауыттарын елдерінде ашып тастап, соны экспорттап отыр, - деп айтты Рашид Жақсылықов.
Оның ойынша, бұл отансүйгіш, ұлтжанды адамдардың қолынан келетін іс емес, ол үшін мемлекет тиісті бағдарлама қабылдауы керек.
Мысалы, Норвегияда мұнайға қызмет көрсету саласы өндіріліп жатқан мұнай мен газдан 4-5 есе пайда береді. Осы жерде қызмет көрсету саласын экспорттауға қол жеткізді деген сауал туындайды. Олар өндірілген өнімді бөлісу келісімшартына қол қойған кезде нақты тармақ - «егер азамат жұмыс істейтін болса, онда ол норвег тілінде сөйлеп, осы тілде хат жазысу керек» бар. Мұнай саласына 100 мыңдаған маман екен. Осы елдің тілінде жазатын адамдарды қайдан таба береді?! Кейін инвесторлар мұнай саласына норвегиялықтарды тартып, оларды өздері оқытып алды. Ал олар он шақты жыл жұмыс істеп, өз компанияларын ашып алды, - деп түсіндірді маман.

Сарапшының айтуынша, оларға ұлттық қордан мұнай саласында өндіріс ашып, осы саланы дамыту үшін 1,5-2%-бен несие берген.

Еске сала кетейік, «Желмая» жобасында Қазақстан мұнай газ саласы сервистік компаниялар одағы төралқасының төрағасы Рашид Жақсылықов сұхбат берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы