Мұнай тасымалдауға шектеу жоқ: министрлік Каспий құбыр консорциумындағы жарылыс туралы

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров Сенатта өткен брифингте дрондар шабуылынан кейінгі Каспий құбыр консорциумындағы (КҚК) жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, бұл мәселе үкіметтің ерекше бақылауында.

Қазіргі таңда бізде мұнай тасымалы тұрақты режимде жүріп жатыр. Бір айлақ толық көлемде жұмыс істеп тұр, ал екіншісін жүйеге қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта тасымалдауға қатысты ешқандай шектеу жоқ, – деп атап өтті ведомство өкілі.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, келтірілген шығын көлемі әзірге анықталып жатыр.

Журналистер спикерден Энергетика министрлігі Украина тарапымен бұл шабуыл жөнінде байланысқа шыққан-шықпағандығын сұрады.

Бұл – Сыртқы істер министрлігінің құзыреті. Қазір бұл мәселе сол жерде қаралып жатыр, – деді Ерлан Ақбаров.

Еске салайық, 29 қарашада Каспий құбыр консорциумында жарылыс болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Каспий құбыр консорциумы
Өзгелердің жаңалығы