Мұнай тасымалдауда Әзербайжанның көмегі көп болады – саясаттанушы

Саясаттанушы Самат Нұртаза Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің Бакудегі кездесуі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ыңтымақтастық серіктестікті қолдаған жөн. Екі ел де әлеуетін толық пайдалана алып жатқан жоқ. Сол себепті жаңа бастамаларды жүзеге асыруда бірлескені тиімді.

Қазақстан мен Әзербайжанның  кездесуінде үлкен оң бастамалар күтіп тұр. Екі ел де Ресеймен шектеседі. Сонымен қатар Қазақстанның Түркия секілді алып елдерге мұнай тасымалын дамыту мақсатында Әзербайжанның көмегі көп болатыны белгілі. Сондықтан бізді үлкен жұмыстар мен жаңа бастамалар күтіп тұр деп ойлаймын, – деді Самат Нұртаза.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының эксперті Олжас Бейсенбай бұл кездесудің маңызына тоқталған еді.

Айтуынша, екі ел 2005 жылдан бері стратегиялық серіктес ретінде тығыз байланыста. 

Мұны Президенттің іс-сапары аясында жеке талқыланады деп ойлаймын. Транскаспий көлік дәлізінің бағыты Қытай-Қазақстан және Әзербайжан мен Грузия арқылы Еуропа мемлекеттеріне жетеді. Бүгінгі күні бұл қауымдастыққа 20-дан аса компания, 8 мемлекет кіреді. Ал біздің ел Еуропа мен Азияның арасындағы ірі экономикалық орталықтың бірі болғандықтан біз үшін бұл бағыт альтернативті тиімді жол болады. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда геосаяси жағдай шиеленісіп тұр, - деді Бейсенбай.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы