Мұнай қымбаттады, бірақ теңге неге нығаймайды? – Ұлттық банк пікірі

Иран мен Израиль арасындағы қақтығыс мұнай бағасын өсіргенімен, теңгеге әсері шектеулі. Бұл туралы Ұлттық банк сарапшылары BAQ.KZ тілшісіне берген сұхбатында айтты.

BAQ.KZ редакциясы Ұлттық банкке Таяу Шығыстағы жағдайдың Қазақстан экономикасына, нақтырақ айтқанда теңге бағамына ықпалына қатысты сауал жолдаған еді.

Ұлттық банктің мәліметінше, Иран мен Израиль арасындағы әскери шиеленіс кезінде мұнайдың 1 баррелі 80 АҚШ долларына дейін қымбаттаған. Алайда 24 маусымдағы жағдай бойынша баға қайта төмендеп, шиеленіс басталғанға дейінгі деңгейге – барреліне 70 доллардан төмен көрсеткішке оралған.

Бұл уақытша құбылыс. Мұнай бағасындағы өзгеріс тұрақты сұраныс пен ұсынысқа емес, сыртқы геосаяси тәуекелдерге байланысты болып отыр. Сондықтан мұндай өзгерістің теңге бағамына ықпалы шектеулі, – деп хабарлады Ұлттық банк редакция сауалына берген ресми жауабында.

Реттеуші органның айтуынша, қазіргі жағдайда мұнай нарығындағы өзгерістер теңгеге айтарлықтай қысым жасап отырған жоқ. Дегенмен Ұлттық банк валюта нарығын мұқият бақылауда ұстап отыр.

Қажет болған жағдайда тиісті шараларды шұғыл қабылдауға дайынбыз, – делінген жауапта.

Қазақстан АҚШ бастаған сауда соғысына қалай төтеп бермек?

Сауда тарифтерімен қақтығыс Еуразиялық одақ елдеріне тікелей емес, жанама әсер етеді. Кеше ЕДБ сарапшылары Қазақстанның қазіргі ахуалына болжам жасады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы