Мүгедектік жәрдемақысы өсті: Кімге және қанша төленеді?
1 ақпанан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 10%-ға өсті
Қазақстанжа мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2026 жылғы 1 ақпанан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 10%-ға өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстандықтарға 68 млрд теңгеден астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім еткендей, жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 59,3 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 8,9 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.
2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 545,9 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 191,9 мың адамды құрады. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты болады, - делінген ведомство хабарламасында.
Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылады.
2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 86,2 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлем, ал 62,9 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды. Төлемдердің мөлшері соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері, асырауындағы адамдар саны, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты ауыстыру деректеріне байланысты, әр адамға жеке тағайындалады, - дейді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.
Министрліктіктен мәлім еткендей, бұл төлемдер республикалық бюджеттен төленетін ұқсас жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.
Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 2026 жылғы 1 ақпанан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 10%-ға өсті. ҚР Үкіметінің шешімі бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша МӘСҚ-дан төленетін төлемдердің мөлшері де 10%-ға артты. Осылайша, осы жылы жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ үшін – 111 873 теңгені, 2-топ үшін – 89 498 теңгені, 3-топ үшін – 61 022 теңгені құрайды. 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 54 742 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 55 800 теңгені құрайды, - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін 127 мыңнан астам адам жұмыссыздық жәрдемақысын алғанын, оны рәсімдеу жолдарын жазған болатынбыз.