Мұғалімдерге арналған тегін цифрлық курстар басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР БҒМ «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова хабарлады. Оның айтуынша, курсқа мектеп, колледж мұғалімдері, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатыса алады.
Бұрын-соңды болмаған жобаның ауқымы кең, 500 мыңға жуық адамды қамтиды.
Біз бұл курсты ЖОО, педагогикалық колледждердің педагогтері мен студенттері үшін жасадық. Әсіресе студенттердің мектепте жұмыс істеген алғашқы күннен бастап цифрлық ортада сенімді түрде жұмыс жасауы маңызды. Педагогтердің кәсіби дамуы, білім беру бағдарламалары, олардың тиімділігін бағалау үшін ғылыми тәсілдер әзірлейміз, - деді Әсел Мұхаметжанова.
Сондай-ақ бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында сырттан сарапшылар тартылатын көрінеді.
Естеріңізге сала кетсек, «Өрлеу» 2021 жылдан бері орта білім беруді реформалау мақсатында құрылған. Бүгінде аталған ұйымның филиалдар желісі барлық облыс орталықтары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істеп тұр. 9 жыл ішінде аталған орталықта республика бойынша 623 482 педагог оқыған.
Сондай-ақ, педагогтарды цифрлық оқыту қалай жүзеге асырылатыны жөнінде жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Педагогтарды цифрлық оқыту қалай жүзеге асырылады?
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы