«MUDARABAH CAPITAL» қаржы пирамидасының 4 ұйымдастырушысы қамалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы Полиция департаменті қаржы пирамидасына қатысты тағы үш айыпталушы анықталғанын мәлімдеді.

Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рүстем Әбдрахманов «MUDARABAH CAPITAL» бойынша Ш.есімді және  Т.есімді азаматқа қатысты сот бұрын бұлтартпау шарасы ретінде «кепіл» санкциясын бергенін айтты. Сондай-ақ, М.есімді және К.есімді азамат,  сотқа дейінгі тергеу барысында «үйқамаққа» алынған.

Естеріңізге сала кетейік, олар Алматы қалалық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды. Қылмыстық іс бір топ азаматтың «ASTEX.KZ» ЖШС, «ACD Technology» ЖШС лауазымды тұлғаларының қаржылық пирамида құру және оны басқару дерегі бойынша ұжымдық арыз негізінде Алматы қалалық полиция департаментінде тіркелді, - деді ол.

Анықталғандай, 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажет деп болжанатын қаражатты тарту бойынша бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқан.  Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әрбір салымшыға төлеген жарна сомасының 20 пайызын төлеуге міндетті болды.  5 млрд теңгеден астам қаражатты «ASTEX.KZ» ЖШС 162 салымшыдан басқа компания – «MUDARABAH CAPITAL» ЖШС арқылы алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы