Минскте митинг әлі жалғасып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ал, Гомель және Могилев қалаларында қазіргі президенттің жақтастары митинг өткізуде.

Белорусьтың қазіргі президенті Александр Лукашенконың қарсыластары сейсенбі, 18 тамызда Минск орталығында Тәуелсіздік алаңында жиналып, қазіргі президенттің отставкаға кетуін талап етуде. Бұл туралы беларуссиялық оппозициялық басылымның "Тут" телеграм арнасы хабарлады. Белсенділер сағат 19.00-ге жақын жинала бастаған, митингтегі жағдай тыныш, тәртіп сақшылары наразы топқа кедергі келтірмеді.

Үкіметке қарсы митинг елдің Гродно қаласында да өтуде, онда Ленин алаңына 15-20 мың адам жиналған. Алаңда үлкен стационарлық сахна бар, наразылық білдірушілер арасында әртістер өнер көрсетеді. Белсенділер мұнда да Лукашенконың отставкаға кетуін талап бейбіт шеруге шыққан.

Ал, Гомель және Могилев қалаларында қазіргі президенттің жақтастары митинг өткізуде.

Бұған дейін хабарланғандай, Беларусьтегі наразылықтар 9 тамызда Президент сайлауы аяқталғаннан кейін басталды, онда қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко жеңіске жетті.

Алғашқы күндері наразылықтарды Белорусь қауіпсіздік күштері қатты басып тастады. Содан кейін олар оппозицияның акцияларына кедергі келтірмеу туралы нұсқау алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы