Министрлік мәйітханада өлген адамдарды зорлаған ер адамға қатысты ақпарат берді

Өткен аптада желіде Алматы мәйітханасында қайтыс болған адамдардың денесіне зақым келтірілді және де өзге де ерсі қылықтар жасалды деген ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз мәслихатында қосымша ақпарат берілді.

1980 жылы туған азамат Әділет органдарының қызметкері емес және де сот-сараптамалық орталығының да қызметкері емес. Бұл сол сот-сараптамалық орталығына күзету қызметін көрсететін жеке күзет қызметінің қызметкері. Ол қазір қамауға алынды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің сәйкес бабына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр, – деді  Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Ол 1980 жылы туған ер адамның сот-сараптамалық орталығына күзету бойынша қызмет көрсететін “Аят Секьюрити" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкері екенін айтты.

Егер заң тарапынан бұзушылықтар анықталса, бұл компаниямен жұмыс тоқтатылады. Бірақ бұл кәдімгі мемлекеттік сатып алулар негізінде өзінің қызметін көрсетіп отырған компанияның өкілі ретінде бізге жіберілген. Оны Әділет органдары немесе сот-сараптамалық орталығы жұмысқа қабылдамаған, - деп қосты Талғат Уәли.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы