Министр Үкіметте журналистерден сүйінші сұрады
Саясат Нұрбек ресми тіркелген 140 балды ҰБТ-дан павлодарлық оқушы жинағанын айтты.
Үкіметте өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналистерден сүйінші сұрап, ҰБТ-дан алғашқы ресми 140 балл тіркелгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Брифингте журналистер елімізде түлектер көбіне қандай мамандықтарды таңдайтынын сұрап сұрақ қойған болатын.
ҰБТ енді ғана басталды. 10 шілдеге дейін жалғасады. Қандай да қорытынды шығаруға әлі ерте. Айтпақшы, менде бір жаңалық бар. Шамамен бір сағат бұрын – 12.40-та Павлодар қаласының №7 орта мектебінің оқушысы Әсет Альтаир тест тапсырып болды. Ол ресми түрде алғашқы 140 балды алды. Сүйінші деп айтуға болады, - деді Саясат Нұрбек.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 2026 жылы талапкерлер Ұлттық бірыңғай тестін екі рет тапсыра алады. Биыл тестілеуге 239 мыңнан астам адам өтініш берген.
Айта кетейік, Қазақстанда қай мамандықтарға грант көп бөлінетіні белгілі болды. 2026-2027 оқу жылына 89 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлініп, басымдық техникалық және педагогикалық бағыттарға берілді.
Тағы оқи отырыңыз: ҰБТ-дан 140 балл алғандарға пәтер мен көлік сыйлау: Аймағамбетов пікір білдірді
Қазақстанда ҰБТ-2026 басталды: Тестілеу 10 шілдеге дейін жалғасады
- Оңтүстік Кореяда рекордтық ыстықтан егістікте картоп «пісіп» жатыр 10:45
- Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін көбірек өңдей бастады – сарапшы 10:35
- Неліктен қалалықтарға қарағанда ауыл тұрғындары сайлауда белсенді болады? – Сарапшы түсіндірді 10:21
- «JASTAR CAMP»: Қазақстанның 500-ге жуық жасы «Әділет» партиясымен кездесті 10:05
- «Рекультивация» деген сылтаумен 1 млрд теңгенің марганец кенін өндірген топ ұсталды 09:51
- Тоқаев Пәкістан Премьер-министрінің Астанаға сапарын асыға күтетінін айтты 09:45
- Түркияда туристік кеме өртеніп, 115 жолаушы құтқарылды 09:33