Министр «Қазцинк» зауытындағы жарылыстың алдын ала себебін атады
ТЖМ мәліметінше, «Қазцинк» зауытындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуы мен адам факторынан болуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында Өскемендегі зауыттағы жарылысқа не себеп болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, «Востокцветмет» шахтасы мен «Қазцинк» зауытында адам өліміне әкелген екі ірі апат бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Тиісті сараптамалар мен зерттеулер тағайындалып, оған салалық мамандар тартылды. “Востокцветмет” шахтасындағы апаттың алдын ала себептері – тау-кен жұмыстарын жобалық құжаттаманы бұза отырып жүргізу және өндірістік жұмыстарды ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыз деңгейі. Ал “Қазцинк” зауытындағы жарылыс алдын ала мәлімет бойынша технологиялық процестің бұзылуынан болған, – деді ведомство басшысы.
Министр бұған дейін бұл нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталғанын атап өтті. Атап айтқанда, техникалық құжаттаманың талапқа сай келмеуі, техникалық құрылғылардың пайдалану мерзімін ұзартуға қатысты сараптамалардың болмауы, жобалық құжаттамадан ауытқу, өндірістік бақылаудың әлсіздігі және тозған жабдықтарды уақытында ауыстырмау деректері тіркелген.
Тергеу аяқталғаннан кейін кәсіпорынға қатысты тиісті шаралар қабылданады, – деп атап өтті ТЖМ басшысы.
Еске салайық, Өскемендегі металлургиялық кәсіпорын аумағында болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі түрлі жарақат алды. Комиссия тергеуді әлі аяқтамағанымен, қайғылы оқиғаға технологиялық процестің бұзылуы немесе адами фактор себеп болуы мүмкіндігін атаған болатын.
- Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өсті: ХЕҰ негізгі себептерді атады 07:50
- Қазақстан мұнайына қауіп сейіле ме? Сарапшылар АҚШ пен Украина келісімін бағалады 07:30
- Солтүстік Корея ұшырған баллистикалық зымыран Жапон теңізіне құлады 07:17
- Қызылорда облысында қызанақты қайта өңдейтін зауыт салынады 06:40
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 250-ден асты 05:25
- Мектеп рюкзагын таңдағанда ата-аналар неге мән беруі керек? ДСМ жауап берді 04:19
- Иран Ормуз бұғазын ашудың шарттарын атады 03:43