Министр Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады.

Құрметті Геннадий! Сізді Камил Шереметаны жеңіп, орта салмақтағы IBF және IBO алтын белбеуін сәтті қорғауыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз шаршы алаң төрінде әккі қарсыласыңызды айқын басымдықпен жеңіп, миллиондаған жанкүйердің ыстық ықыласына бөленіп отырсыз. Мұхиттың бергі бетіндегі Қазақстан халқы сіздің әр жекпе-жегіңізді асыға күтеді, жеңісіңізге шексіз қуанады. Алдағы уақытта да кәсіпқой бокс әлемінің алыбы екеніңізді паш етіп, жарқын кездесулерде мерейіңіздің үстем түсе беруіне тілектеспін. Осы орайлы сəтті пайдалана отырып, сізге ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, бәсекелерде жеңіс, толайым табыс тілеймін, - деп жазды министр. 

Естеріңізге сала кетейік, IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы