Министр бензин бағасының қымбаттауына қатысты жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық арасында жиі талқыға түсетін сұраққа қатысты Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы брифинг барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз ойын білдірді. 

Оның айтуынша, біздің отандық бензин ТМД елдерімен салыстырғанда арзан бағалардың біріне ие. 

Оның айтуынша, мұнай өнімдерінің нарығы өте құбылмалы сала. Олардың бағасына Қазақстанның ішкі нарығындағы да, сондай-ақ көршілес елдердегі де салық салу, баға белгілеу жүйесі мен жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілуі әсер етеді. Сондай-ақ оған сұраныстың маусымдылығын, мұнай өңдеу зауыттарындағы технологиялық іркілістер, күрделі жөндеу сынды көптеген факторларды қосыңыз. 

Мәселен, бізде АИ-92 маркалы бензин 173 теңге болса, көршілес Өзбекстанда - 241, Қырғызстанда - 254, Ресейді 273 теңгені құрайды. Ішкі нарықта баға төмен болған сайын отандық өнімнің көршілес елдердің нарықтарына кетуіне байланысты тапшылық қаупі туындайды. Ал баға жоғары болған кезде импорттық бензиннің профициті, яғни көп болуы орын алады. Соның салдарынан еліміздегі мұнай өндіретін зауыттарда өңдеу көлемінің төмендеп, қазақстандық қоймаларда отандық отынның толып кету қаупі бар, - деді Нұрлан Ноғаев. 

Министрдің сөзінше, салдарды азайту үшін шаралар қабылданып жатыр. Атап айтатын болсақ, биыл жыл басынан бері жанар-жағармай материалдарының экспорты тоқтатылған. Сонымен қатар жанар-жағармайды автокөлікпен, 20 литрден асатын ыдыспен әкетуге тыйым салыныпты.

Бұған дейін Нұрлан Ноғаев ішкі нарықта ашық түсті мұнай өнімдеріне сұраныс төмендегенін айтқан болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы