Министр Ақмоладағы 45 сарбаздың қандай ауру жұқтырғанын айтты
Үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Көкшетаудағы сарбаздардың инфекция жұқтыруына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда Ақмола облысының әскери бөлімшесінде 45 сарбаздың инфекциялық ауру жұқтырғаны анықталды. Олар инфекциялық стационарға орналастырылды. 41 науқас қазір ауруханада жатыр. Бір науқас жансақтау бөліміне түсті, бүгін оның жағдайы жақсарды. Олардан менингококк инфекциясы мен энтровирус инфекциясының симптомдары анықталды. Маусымдық инфекция жүріп жатыр, - деді министр.
Министр олармен байланыста болғандар тексерілгенін атап өтті. Сондай-ақ Ғиният симптомдары барлар оқшауланып, барлығы бақылауға алынғанын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Көкшетауда 44 сарбаз инфекциялық ауруханаға жедел жеткізіліп, 5 сарбаздан менингококк табылғандығы туралы жазған едік.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы тұрғыны мұғалімдердің Швейцарияға баратынына наразы
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы