Мемлекеттік құпияны жария еткен қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкері сотталды

ҚМА қызметкері мемлекеттік құпияларды жария еткені үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша К. есімді азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды. Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді. Мұндай қылмыстардың алдын алу құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады. Үкім заңды күшіне енді, - делінген Бас көлік прокуратурасы таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы