Мемлекет басшысының Жолдауы. LIVE
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшілері – Аягөз Құрмаш, Жансая Қамбар, Назым Бөлесова.
12:10 – Президент өз Жолдауын аяқтаған соң Парламент палаталарының бірлескен отырысын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жабық деп жариялады.
12:07 - Президент:
Әділетті Қазақстанның құрылысы енді ғана басталып жатыр, алда тікенді жол бар. Бұл курс мызғымас және ішкі және сыртқы сипаттағы кез келген жағдайда жалғасады.Бос жұмыс пен саботажға орын болмайды. Біз ойлаған жолдан таймаймыз.Ендеше, Әділетті Қазақстандық Бірге Құрайық!Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын.
12:05 - Тоқаев биыл Президент сайлауы келесі жылы Мәжіліс депутаттарын сайлау өтетінін айтты. Одан кейін Үкімет жасақталады.
12:04 – Президент:
Мәжіліс пен мәслихаттың депуттатарын сайлауды келесі жылдың бірінші жартысында өткізуді ұсынамын.
12:03 - Тоқаев:
Елімізде саяси жаңғырту аясында парламентаризмді дамыту басты орынды алады. Жаңартылған Конституция ойынның әділ және ашық ережелері бар саяси жүйе үшін мүлдем жаңа стандарттарды белгілейді.Саяси партияларды тіркеу рәсімдері қазірдің өзінде айтарлықтай жеңілдетілді. Парламент пен мәслихаттарды партиялық тізімдер және бір мандатты округтер бойынша қалыптастырудың жаңа тетіктері жұмыс істей бастайды.
Оның айтуынша, конституциялық реформада көзделген барлық институционалдық өзгерістер жыл соңына дейін заңнамалық тұрғыдан аяқталуы тиіс.
Олар саяси партиялар санының көбеюіне, саяси бәсекелестікті күшейтуге, халық қалаулыларының жаңа толқынының шығуына ықпал етеді. Ескі үлгі бойынша сайланатын биліктің өкілді органдары кезектен тыс сайлау циклінен өтіп, табиғи түрде жаңартылуы керек, - деді Тоқаев.
12:02 – Тоқаев:
7 жыл кез келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыруға жеткілікті.
12:01 – Қасым-Жомарт Тоқаев:
Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады.
12:00 - Тоқаев:
Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек. Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз, - деді Тоқаев.
Тоқаев атағандай, халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды.
Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы. Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ, - деді Мемлекет басшысы.
11:58 – Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүргенін айтты. Алайда құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайтыны, осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғатынын да атады.
Ол отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кететінін, ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалатынын ескеріп, мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп жариялады.
11:57 - Президент:
Синтетикалық есірткіні тұтынудың өсуі ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Динамика мәз емес. Соңғы үш жылда айналымнан алынған «синтетика» көлемі 10 есе өсті. Синтетикалық препараттар жыл сайын арзанырақ және қолжетімді болып келеді. Олар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы дерлік еркін сатылады, тіпті үйіңізге дейін жеткізіледі.
Оның айтуынша, бұл аса қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткіні өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипат алуы керек.
Сондықтан нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу қажет, - деді ол.
11:56 – Тоқаев синтетикалық есірткіге қатысты айтып жатыр.
11:54 - Тоқаев:
Әрине, рақымшылық тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар негізгі айыпталушыларға, сондай-ақ мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен ауыстыруға әрекет жасады деп айыпталғандарға әсер етпейді.
11:53 – Қасым-Жомарт Тоқаев:
Маған құқық қорғаушылар, адвокаттар қауымдастығының өкілдері бірнеше рет өтініш жолдады. Олар елді жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарды қатаң жазалау қажет екенін айтты. Бұл – орынды ұсыныс. Сондықтан өкілетті органдарға осы мәселені қарастырып, нақты шара қабылдауды тапсырамын. Біз кез келген ашық арандатушылыққа және заңсыз іс-әрекетке қатаң тосқауыл қоюымыз керек. Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейді.
11:53 - Президент:
Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым.
11:52 – Тоқаев Қаңтар оқиғсына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялайтынын айтты.
11:49 – Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының жұмысы мен Қаңтар қасіреті туралы айтып жатыр.
11:48 – Тоқаев судьяларға қысым көрсететін барлық тәсіл жойылуы керегін айтты.
11:47 – Мемлекеттік қызметкерлердің сапасы мен соттың әділеттігі туралы айтып жатыр.
Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек. Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ, жемқорлықтан таза болуы қажет. Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн. Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек. Көптеген сот төрағасы лауазымы судья лауазымы болып өзгереді.
Мемлекет басшысы сот төрағасы және Сот алқасының төрағасы лауазымына үміткерді судьялар өздері сайлайтын тәсіл енгізуді ұсынды.
Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн. Ол үшін Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынуы керек. Аталған салаға мықты заңгерлерді тарту үшін материалдық жағдай жасау қажет, - деді ол.
11:46 – Президент:
Саяси шенеуніктердің жеке жауапкершілігін арттыра отырып, мемлекеттік басқару жүйесін орталықсыздандыруға баса назар аудару керек. Үкімет құзыретінің бір бөлігі министрліктерге берілуі керек – нақты министр «ұжымдық кабинет» емес, нақты салалық саясатқа жауапты болуы керек.
11:45 – Мемлекет басшысы Үкімет салааралық мәселелерді шешуге назар аударатынын айтты.
11:44 – Тоқаев қандастарға қатысты саясат өзгеретінін айтты.
Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда, демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ, жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды. Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы керек. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады, - деді Мемлекет басшысы.
11:43 – Тоқаев:
Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуы керек.
11:42 - Қасым-Жомарт Тоқаев:
Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланғаны үшін нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын, - деді Тоқаев.
Ол Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлуді ұсынды.
Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік жасқа шын жолдама береді. Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететін болады. Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын, - деді Тоқаев.
11:41 - Президент:
Жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер Әділетті Қазақстанның символына айналды.
Мемлекет басшысы жер мен табиғи ресурстар туралы айтты.
Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы, - деді Мемлекет басшысы.
11:40 - Мемлекет басшысы жастарға жан-жақты қолдау көрсету мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін айтты.
Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді, - деді Тоқаев.
11:39 – Тоқаев зейнетақы туралы айтып жатыр.
Зейнетақы жүйесін айтарлықтай қайта іске қосу қажет. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ға, ал ең жоғарысын 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді, - деді ол.
Тоқаевтың айтуынша, кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет, - деді Тоқаев.
11:37 – Президент Әділетті Қазақстанды құруда мектеп мұғалімдерінің шешуші рөл атқаратынына терең сенімді екенін жеткізді. Соңғы жылдары бұл мамандықтың тартымдылығын арттыру мақсатында мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылғанын да айтты. Осы орайда, педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеудің жаңа стандартын қабылдап, мұғалімдердің құзыреттілік шеңберін әзірлеп, жаһандық ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, орта мектепте жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды күшейту маңызын атады.
11:36 - Тоқаев:
Отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын олардағы білімнің құны да өседі. Сондықтан мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, ол ҰБТ нәтижелеріне және басқа да көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша – 30-дан 100 пайызға дейін сараланады. Сондай-ақ оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдікті несие берілмек. Бұл шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді, сонымен қатар қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын күшейтеді.
11:35 – Тоқаев ұстаздардың жалақысын көтеріп, тәрбиелеушілерді аттестациялау туралы айтты.
11:34 - Президент:
Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз.
Президент апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесі толық шешілетінін айтты.
Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек, - деді ол.
11:32 – Мемлекет басшысы:
Екі жылдың ішінде бүгінде медициналық мекемелері жоқ 650 ауылда фельдшерлік-фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, толықтай жабдықталмақ. Осылайша, мемлекет миллионнан астам азаматтың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана жаңғыртылып, ауданаралық көпсалалы мекемеге айналады. Оларда инсульт орталықтары, хирургия, реанимация және оңалту бөлімдері болады. Бұл төрт миллионнан астам азаматқа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шалғай елді мекен тұрғындарына білікті көмекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін телемедицина дамытылады.
11:33 – Тоқаев білім саласын дамыту туралы айтып жатыр.
11:31 - Мемлекет басшысы:
Еліміздің басты құндылығы – Адам. Бұл – айқын нәрсе.
Президент сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру реформаның басты мақсаты екенін айтты.
Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр. Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен, - деді Мемлекет басшысы.
11:30 – Қасым-Жомарт Тоқаев:
Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн.
11:29 – Мемлекет басшысы су саласын дамытудың үш жылдық жобасын жасау маңызын айтып жатыр.
11:28- Мемлекет басшысы:
Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды.
Президент атағандай, Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс.
Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын.
11:27 – Президент:
Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек
11:26 – Ұлттық экономика құрылымында құрылыс секторы маңызға ие екенін айтып жатыр. Бұл жүйе қағазбастылық пен жемқорлыққа көмілгенін атады.
11:25 - Тоқаев:
Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын.
Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек. Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс. Жалпы, ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді.
11:24 - Президент:
Келесі мәселе – еліміздің транзиттік қуатын арттыру.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр.
Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек. Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді. Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады. «Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады, - деді Президент.
11:23 – Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» қоры экономиканың негізгі секторларын бақылауға жеткілікті акциялардың басым бөлігін ғана иеленетін инвесторға айналып отырғанын айтып жатыр.
Қордың басқа да активтері мен акциялары, оның ішінде «Халықтық IPO» тетігі арқылы жекешелендірілетін болады.«Самұрық-Қазына» бірлескен инвестор ретінде жеке инвесторлар жүзеге асыра алмайтын маңызды жобаларға ғана қатысады. Мұндай жобаларды Президент айқындайды, - деді ол.
11:21 – Президент кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ оны жыл соңына дейін әзірлеу керегін нақтылады. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажетін және бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс екенін айтты. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түседі.
11:21 – Тоқаев Үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырды.
Былтыр менің тапсырмам бойынша барлық арнайы экономикалық аймақтың тиімділігі бағаланды. Соның нәтижесінде түйткілді тұстарды анықтап, тың тәсілдерді ойластырдық. Енді арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үшін мүлде басқа саясатқа көшкен жөн. Қазіргі таңда шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады. Сондықтан, бұл мәселе тіпті өзекті болып отыр, - деді Мемлекет басшысы.
11:20 – Тоқаев отандық бизнес үшін күрделі мәселе несие ресурстарының жетіспеушілігі екенін айтты.
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті жеткіліксіз қаржыландыру шамамен 42 миллиард долларды құрайды. Бұл ретте банктер көп триллион долларлық өтімділікті жинақтады, бұл шын мәнінде экономика үшін жұмыс істемейді, - деді ол.
Мемлекет басшысы атағандай, Ұлттық банк, Қаржылық реттеу агенттігі, Үкімет нақты секторды тұрақты және қолжетімді несиелеуді қамтамасыз ету үшін нақты шешімдер табуы керек.
Жағдайдың ең күрделі ерекшеліктерін ескере отырып, Ұлттық банк үлкен икемділік, тапқырлық дер едім. Шетелде оң мысалдар бар, - деді Тоқаев.
11:19 - Мемлекет басшысы:
Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу керек. Қазір көптеген жоба кейбір кәсіпкерлер мен шенеуніктердің майшелпегіне айналды. Келісім-шарттар ашық және конкурстық негізде жасалуға тиіс. Осы мақсатта тиісті заң қабылдау қажет.
11:18 – Тоқаев мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән беретінін айтты.
Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл – негізгі талап. Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі. Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажет. Осының бәрін жүзеге асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдануға тиіс.
11:17 – Тоқаев:
Тапсырма екі жылдан бері орындалмай келеді. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет.
11:16 – Президент кәсіпкерлікті жүйелі түрде реттеу алтыншы мәселе екенін айтты. Бұл салада ықшам әрі түсінікті ережелерді енгізу керегін хабарлады.
11:16 – Тоқаев Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылатынын айтты.
Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз. Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады. Сонымен бірге, бюджетке қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу керек. Бұл жүйе квазимемлекеттік секторды да қамтуға тиіс, - деді Тоқаев.
11:15 - Президент:
Болашақта автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз арналарына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінетін мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет.Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл шара іздеуде жоқ және кедендік «рәсімнен» өткен автокөліктерге қатысты болуы керек.
11:14 – Қасым-Жомарт Тоқаев:
Келесі мәселе. Тексерушілердің тым көптігі. Олардың теріс әсер еткені белгілі. Сондықтан, шекараға интеграцияланған кедендік бақылау тәсілін енгізу қажет. Кедендік рәсімдеу орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс.
11:13 – Тоқаев бөлшек салықты қолдануды кеңейту туралы айтты.
Өркениетті сауданы дамыту үшін барабар мөлшерлемелері мен қарапайым рәсімдері бар бөлшек салықты қолдануды кеңейту қажет.Салық реформасының бөлігі ретінде «сән-салтанат» деп аталатын салықты енгізуді қарастыру маңызды.Ол қымбат жылжымайтын мүлік, көліктер сатып алу үшін алынады және орта тапқа әсер етпейді, - деді Президент.
11:10 – Президент:
«Конгломерат» ұғымына заңнамалық деңгейде анықтама беру керек. Бір-бірімен байланысты нарық субъектілері экономикалық шоғырлануға рұқсат алуға міндетті.
11:10 – Мемлекет басшысы монополияялық нарықтар жаңа тариф саясатына көшу керегін айтты.
Тариф инвестицияға айырбас ретінде қолданылады. Жүйелер мен желілердің ескіруін кем дегенде 15 пайызға азайту керек. Тариф инфрақұрылымға түскен түсім үшін беріледі. Инвестицияның маңызды бөлігі салынған қаржы болады. Ал тариф негізінен жұмыс істеуге сеніп отырудың қажеті жоқ, - деді Президент.
11:09 – Тоқаев мемлекеттік бағаны реттеуге араласуын тоқтату туралы айтып жатыр. Тарифтерді орнатуға мемлекет реттеу жүргізу керегін айтты. Алайда ол бизнеске қысым көрсету емес екенін айтты.
11:08 – Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдау туралы айтып жатыр.
Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оны тұрақтандыру, шағын және орта бизнесті қолдау, заң үстемдігін орнату мемлекеттің басым бағыттарының бірі, - деді Президент.
11:06 – Президент әлеуметтік әлсіз топтарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсетілетінін, омбудсмен тағайындалатынын айтып жатыр.
11:05 – Тоқаев жаңа саяси кезең туралы айтып жатыр.
Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады, - деді Президент.
11:03 – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялады. Қазір Қазақстанның Әнұраны ойнап жатыр.
11:01 – Cөз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.
11:00 - Бірлескен отырыс басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев залға кірді. Отырысты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ашып жатыр. Депутаттар тіркелу рәсімін жүргізіп жатыр. Отырысқа барлығы 150 депутат қатысып отыр.
10:50 - Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.
Жолдау барлық республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары Жолдаудан ақпарат тарату үшін Мәжіліс ғимаратының баспасөз залына жиналды.