Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды
Бүгін Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрылтайдағы талқылауға танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың, бизнес-қауымдастықтардың, сараптамалық қауымдастықтың және облыстардың қоғамдық кеңестерінің өкілдері келді.
Еске салайық, Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласында өтіп жатыр.
Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.
Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:
2022 жылы – Ұлытауда;
2023 жылы – Түркістанда;
2024 жылы – Атырауда;
2025 жылы – Бурабайда өтті.
Маңызды жиыннан BAQ.KZ тілшілері Гүлжан Раманқұлова мен Мақпал Орынбек онлайн режимде тікелей ақпарат таратады. Құрметті оқырман, басты жаңалықтардан хабардар болу үшін лентамызды қадағалап отырыңыз.