Мемлекет басшысы жариялаған идеологиялық тұжырымдарға сүйене отырып, заманауи сын-тегеуріндерге төтеп бере алады — Олжас Бектенов

Кеше өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған бастамаларын жария етті. Үкімет басшысы Олжас Бектенов бұл ұсыныстар қоғамды ұйыстыруға, отаншылдық пен заң үстемдігін нығайтуға негізделген ұлттық идеологияның жаңа кезеңін айқындайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеше өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейінгі ауқымды саяси реформалардың жалғасы болып табылатын басталамаларын жария етті. Парламент пен қоғамдық институттардың рөлін күшейту туралы ұсыныстар саяси жүйемен қатар азаматтарымыздың мәдениетіне де, демократиялық қағидаттарды біржола орнықтыру процесіне жүріп жатқанын білдіреді. Қазақстанның заманауи сын-тегеуріндерге қарсы тұруына кепілдік беретін аса маңызды идеологиялық тұжырымдар айқындалды. Бұлар қоғамды ұйыстыру, отаншылдық, әділдік және заң мен тәртіп қағидаттарына деген мыңғымас ұстаным, - дейді Үкімет басшысы.

Бектеновтің сөзінше, ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналған "Таза Қазақстанда" негізгі құндылықтардың қатарында тұр.

Президент өз сөзінде еліміздің одан әрі экономикалық дамуына қатысты негізгі міндеттерді белгілеп берді. Мемлекет басшысы әрбір жауапты лауазымды тұлғаға батыл әрі тосын инновациялық шешімдер қабылдау қажеттігі туралы қатаң талаптар қойды. Бұл өмірдің барлық саласына қатысты. Әрбір министр мен әкімнен әрбір сала мен өңірде көзге көрінетіндей нақты нәтиже қажет, - дейді Олжас Абайұлы.

Айта кетейік, кеше, яғни 20 қаңтарда Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы