31 Тамыз 2026, 12:52
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Вице-президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды
Мемлекет басшысы Вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Вице-президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды.
Атап айтқанда, Вице-президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Ерлан Қаринді Қазақстанның Вице-президенті етіп тағайындады.