Мемлекет басшысы Шұғыла Өмірбекті жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр. Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!, – деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, 55 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Шұғыла Өмірбек 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионатында топ жарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін – Республика күні!
Өзгелердің жаңалығы