5 Қыркүйек 2026, 10:37 Фото: Ақорда

Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты басшысының орынбасарлары тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Геннадий Иванович Зуев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. 

Айта кетейік, бұған дейін Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының басшысы тағайындалғаны хабарланды.