Бүгiн 2026, 20:54
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы екі маңызды заңға қол қойды
Қазақстан Республикасының Заңдары.
Қасым-Жомарт Тоқаев екі маңызды заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы «Топырақты қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту туралы жарлыққа өзгерістер енгізді.