1 Қыркүйек 2025 2025, 15:42
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Ауғанстан еліне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан еліне көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан еліне көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде орын алған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қайғырып көңіл айтты, - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Еске салайық, Ауғанстанда магнитудасы 6 балға жеткен жойқын жер сілкінісі тіркелді. Апат салдарынан бірнеше жүз адам қаза тапты.