Мемлекет басшысы Ақордада Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды қарсы алды

Бүгін Ақордаға ресми сапармен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Кездесу барысында екі ел басшылары Қазақстан және Тәжікстан министрлерімен амандасты.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеді, оның басшысы Президентке сәлемдік баянат берді.

Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Әнұраннан кейін Тәжікстан басшысы мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Ту алдына келгенде мейман тоқтап, басын иіп, құрмет білдірді.

Еске салайық, бұған дейін 10 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен Ақордада кездескен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы