"Мемлекет бәріне көмектесе алмайды". Министр су тасқынынан қаза болғандар туралы айтты

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов су тасқыны кезінде апаттан зардап шеккен азаматтарға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкіметтің баспасөз алаңында журналист "Су тасқыны кезінде 7 адам қаза тапты, бірақ олар төтенше жағдай кезінде қайтыс болған деп танылмады. Олардың отбасыларына мемлекет тарапынан қандай да бір көмек көрсетілді ме?" деп сұрақ қойды.

Мұны үнемі болып тұратын оқыс оқиғаға жатқызсақ. Мемлекеттің бәріне көмектесуге мүмкіндігі жоқ. Егер қандай да бір өтініштер немесе басқа жағдайлар болса, әрине, біз ешқашан назардан тыс қалдырмаймыз, - деп жауап берді Әрінов.

Еске сала кетейік, көктемгі су тасқынынан алдын ала деректер бойынша, шамамен 300 млрд теңге шығын келген. 34 мыңнан астам азамат біржолғы төлем алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы