Мектептің 18 миллионы: Есепші үнемі өзіне екі есе жалақы төлеп, күйеуіне де ақша аударып отырған
Бухгалтер бюджет қаражатын өз пайдасына жұмсаған.
Абай облысында білім беру мекемесінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.
Мақаншы ауданының прокуратурасы Қарабұтақ орта мектебінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Мекеменің бас есепшісі ай сайын өзіне екі еселенген жалақы есептеп отырған, сондай-ақ іс жүзінде еңбек қызметін атқармаған жұбайына заңсыз түрде жалақы аударған.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде 18 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған. Аудан прокуратурасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда бухгалтер колледж ақшасын жымқырып, 70 миллионға пәтер алып, несиесін төлеген.
Тағы оқи отырыңыздар:
Абай облысында әкімдік қызметкерлерінің заңсыз әрекеті әшкере болды
Ақтауда жүкті әйелдерге арналған жәрдемақыны "рәсімдеген" бухгалтер сотталды
Астанада бюджет қаражаты мен ата-ана ақшасын жымқырып, "байыған" директор мен есепші жазаланды