Мектептердің 65 пайызында ғана қауіпсіздік сыныптары бар
Бұл туралы ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз балалар мен жасөспірімдерді тасымалдауға арналған көліктерге көп көңіл бөлеміз. Биыл білім беру мекемелеріне тиесілі 2,5 мыңнан астам осындай көлік құралдарын тексеріп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша 250-ден астам нұсқама бердік. Бүгінгі таңда мектептердің тек 65 пайызында ғана жол жүрісі қауіпсіздігі сыныптары бар және мектептердің тек 40%-ы жол жүрісі қағидаларын зерделеу үшін арнайы алаңдармен жабдықталған, - деді полицей.
Ол балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуда маңызды рөл атқаратын қозғалыстың жас инспекторларының мектеп отрядтарының жұмысын ұйымдастыруды ерекше атап өтті.
Олардың басты міндеттері – балалар мен жасөспірімдер арасында жол жүрісі қағидаларын сақтауды насихаттау және жолдағы балалар жарақатының алдын алу. Бүгінгі таңда елімізде мектептердің тек 70% (4697) пайызында ғана ҚЖИ отрядтары бар. Олардың қатарында 48 мыңнан астам бала бар, - деп айтты Ақтоты Боранова.
Бұған дейін аға инспектор Қазақстанда жол апатынан қаза тапқан балалар саны көбейгенін айтқан еді.