Мектептерде коронавирус жағдайы қалыпты – БҒМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Алдыңғы жағдаймен салыстырғанда аурудың көбеюінде ешқандай өзгеріс жоқ деп айта аламыз. Біз бұл фактілерді күнделікті көріп отырмыз. Бір айға жуық уақыт бойы балаларымыз дәстүрлі форматта оқып жатыр. Бұл шамамен 5 млн-нан астам баланы құрайды. Тек мектептердің өзінде 3,6 млн оқушы оқиды. Қашықтан оқытуға немесе карантинге кеткен балалар не сынып жиынтықтары мектепке қайтып оралғаннан соң, мұндай сыныптардың саны азайғанын көріп отырмыз. Қыркүйек айының басында карантинге кеткен немесе ауырған балалар қайтып оралып, оқуын жалғастырып жатыр, - деді министр.Аймағамбетов оқу жылы басталғанда қашықтан оқыту форматында оқығысы келетіндігі туралы өтініш жазған ата-аналар да балаларын дәстүрлі форматқа жіберіп жатқаны туралы айтты.
Бүгінгі күні біз оқыту штаттық режимде жүріп жатыр деп айта аламыз, тіпті жаңа оқу жылының басында шешім қабылдап, қашықтан оқыту форматында оқығысы келетіндігі туралы өтініш жазған ата-аналардан да өтініштер күнделікті түсіп жатыр. Бұл балалар мектепке қайтып оралатынын, бүгінгі жағдайдың шынымен де қалыпты екенін көрсетеді. 24 мыңға жуық бала мектептен қашықтан оқып жатыр, - деп түсіндірді БҒМ басшысы брифингте.Оның сөзінше, штаттық режимде оқитындар мен қашықтан оқитындардың арасында ауырып қалған балалардың пропорцияларын салыстыратын болсақ, онда ауру жұқтыру қашықтан оқитындар арасында басымырақ. Сонымен қатар мектепте білім алып жатқан немесе балабақшаларда тәрбиеленіп жатқан балалар арасында ауру жұқтырудың көбеюі тіркелмеген.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Аймағамбетов директорлардың ротациясы қашан басталатынын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы оқушылары латын қарпімен шығарма жазды
Келесі жаңалық
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы