Мектепте буллингпен қалай күреседі?

Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидалары бектілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, Ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнын іске асыру шеңберінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 46-26) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бұйрық жобасы балаға қатысты жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы және анықтау жөніндегі қызмет тәртібін айқындайды. Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасына, болдырмауға бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында әзірленді. 

Бұйрық жобасымен білім беру ұйымдарында жәбірлеудің (буллингтің) алдын алуды жүргізу, жәбірлеу (буллинг) фактілерін анықтау, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған балалармен жұмыс жүргізу бойынша мүдделі органдар мен ұйымдардың іс-әрекеттері регламенттелген.

2022 жылғы 15 тамызда бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылды.

Жоба қаржылық шығындарды азайтуды немесе ұлғайтуды көздемейді, әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды.

 Жалпы қағидалары

Осы баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағида «Білім туралы» заңының 5-бабының 46-26) тармақшасына сәйкес әзірленді және балаға қатысты жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы және анықтау жөніндегі қызмет тәртібін айқындайды.

Қағида Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Ішкі істер министрлігіне,  прокуратура органдарына, Қорғаныс министрлігіне және Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарын, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарын, сондай-ақ акционерлік қоғам нысанында құрылған мемлекеттік коммерциялық емес білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында қолданылады.

3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылды:

1) агрессор-басқа адамды қорқыту және/немесе оның денсаулығына зиян келтіру мақсатында оған қатысты жүйелі түрде кемсітушілік сипаттағы іс-әрекеттер жасайтын адам;

2) баланы жәбірлеу (буллинг) – кемсітушілік сипаттағы жүйелі (екі және одан да көп) іс-әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір іс-әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған іс-әрекеттер, сол сияқты көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып және (немесе) телекоммуникация желілері (кибербуллинг) арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған іс-әрекеттерге тең;

3) - бұл баланың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтауға бағытталған алдын алу іс-шараларының немесе іс-қимылдар жүйесінің жиынтығы;

4) жәбірлеуді (буллингті) анықтау - жәбірлеу (буллинг) белгілері болуы мүмкін іс-әрекет немесе әрекетсіздік, олардың себептерін анықтау, оны жасаған кінәлі адамдарды (орындаушыларды) әшкерелеу туралы анық мәліметтер алу;

5) жәбірлеудің (буллингті) алдын алу - бұл баланың өміріне, денсаулық пен саламаттығына физикалық, психологиялық зиян және басқа да қауіп-қатерлердің келтірун алдын алатын іс-әрекеттерді жүзеге асыру;

6) баланы жәбірлеуге (буллингке) ден қою – жәбірлеу жағдайларын уақтылы тергеп-тексеру және жәбірлеу агрессорына тәртіптік шаралар қабылдау, жәбірлеуден зардап шегушіге көмек көрсету үшін жәбірлеу жағдайлары анықталғаннан кейін қолданылатын шаралар және агрессорға арналған оңалту шаралары;

7) жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен бала - жеке немесе ұжымдық жәбірлеу (буллинг)  нәтижесінде зардап шеккен, бастан өткерген физикалық, психологиялық немесе сексуалдық күйзелістен күйзелген жай-күйді бастан кешіретін адам;

4. Білім беру ұйымдарында баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы және анықтау жөніндегі қызмет баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі кеңеспен (бұдан әрі - Кеңес) және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қамтамасыз етілетін тәрбиелік бағыттардың бірі.

Кеңес құрамына кімдер енеді:

1) директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

2) әлеуметтік педагог;

3) сынып жетекшілері;

4) педагог-психолог;

5) білім беру ұйымының медицина қызметкері;

6) ата-аналар комитеті ұсынған сыныптардың, курстардың әрбір параллелінен осы білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

7) кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы;

8) оқушылар арасынан мектептің өзін-өзі басқару өкілдері.

Кеңестің құрамын білім беру ұйымының басшысы бекітеді, жұмыс жоспары мен Кеңес отырыстарын өткізу мерзімділігі білім беру ұйымының жарғысымен айқындалады. Кеңес шешімі ұсынымдық сипатта болады.

Кеңестің құрамы білім беру ұйымының директоры бекітеді.

Кеңестің негізгі міндеті - білім беру ұйымдарында баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы, анықтау және оған әрекет ету.

Білім беру ұйымдарында буллинг профилактикасын жүргізу тәртібі

Білім беру ұйымдарында жәбірлеуді (буллингті) профилактиканы жүргізу тәртібі төмендегілерді қамтиды:

1) білім беру процесінің барлық қатысушыларын білім беру процесіне басқа қатысушылардың жеке басын, ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту мақсатында, оның ішінде уақыт бойынша ұзаққа созылатын қасақана іс-әрекеттер арқылы, ауызша және вербальды емес түрде, тікелей немесе пассивті агрессия түрінде, физикалық немесе психологиялық зиян келтіру, адамның жеке басы туралы қорлау сипатындағы түсініктемелер, телекоммуникация және интернет құралдарын қолданатын кез-келген әрекеттер және басқа да осындай әрекеттер арқылы қасақана жасалған әрекеттер арқылы кез келген іс-әрекет жасауға тыйым салу туралы жазбаша хабардар ету;

2) білім беру ұйымының кәмелетке толмағанды жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы жөніндегі ішкі жоспарына сәйкес баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасына, оны болдырмауға және анықтауға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру, жүргізу және хабардар ету жүйесін орнату.

3) балаға жәбірлеу (буллинг) көрсетуге ықпал ететін білім беру ортасындағы жағдайға мониторингті директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қамтамасыз ету;

4) оқу процесі кезінде жәбірлеу (буллинг) жағдайларына уақтылы жауап беру, жолын кесу және тергеу.

Білім беру ұйымдарында жәбірлеу (буллинг)  фактілерін анықтау тәртібі

 Жәбірлеу (буллинг) фактілерін анықтау Оқу процесі мен педагогикалық қызмет кезеңінде жазбаша, ауызша жүгіну жолымен не байланыстың кез келген түрі, оның ішінде интернет (әлеуметтік желілер)арқылы жүзеге асырылады.

Жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған бала туралы ақпарат білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау органдарына және басқа да жергілікті атқарушы органдарға (ұйымдарға, мекемелерге) түсуі мүмкін.

Ақпаратты алған сәттен бастап тиісті мемлекеттік органның маманы бір жұмыс күні ішінде баланың (отбасы мүшелерінің) тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), тұратын жерін, жалпы сипаттамасын қамтитын бала (отбасы) туралы бастапқы ақпаратты қалыптастырады;

Жиналған деректер негізінде маман баламен одан әрі жұмыс істеу үшін басым мемлекеттік органды таңдау туралы шешім қабылдайды және өтініш келіп түскеннен кейін екі күннен кешіктірмей ақпаратты осы елді мекендегі осы бағыттағы жұмысқа жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органның маманына береді;

Баланы жәбірлеу (буллинг), сондай - ақ оған қатысты қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер (әрекетсіздік) туралы қандай да бір ақпарат алған жағдайда, оның құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдау үшін дереу ішкі істер органдарына (бұдан әрі - ІІО) хабарлайды.

Жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған бала туралы ақпаратты қабылдаған орган не ұйым келіп түскен өтінішті қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркеуді жүргізеді.

Білім беру ұйымында баланы жәбірлеу (буллинг) туралы ақпарат оны алған сәттен бастап бала оқыған білім беру ұйымының әкімшілігіне жеткізіледі.

 Білім беру ұйымдарының жәбірлеу (буллинг)  фактісі бойынша іс-қимылы

Білім беру ұйымы кәмелетке толмағанды қудалау (буллинг) фактілерінің алдын алуда барлық профилактика субъектілерімен өзара іс-қимылды мынадай жолдар арқылы жүзеге асырады:

1) кәмелетке толмағанды жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы бойынша білім беру ұйымының ішкі жоспарын әзірлеу және қабылдау;

2) баланы жәбірлеудің (буллингтің) барлық фактілерін анықтау және тіркеу;

3) жағдайды кешенді бағалауды, баланың құқықтары туралы құқықтық білімді және жеке жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтитын жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған балаға психологиялық қолдау мен көмек көрсетуді ұйымдастыру;

4) жағдайды кешенді бағалауды, міндеттері мен заңды жауапкершілігі, жәбірлеудің (буллингтің) туралы құқықтық білім беру және агрессорды оңалту және қайта әлеуметтендіруді қамтитын жәбірлеудің (буллингтің) агрессор баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;

5) балаларды  жәбірлеу (буллинг) фактілері бойынша арнайы қызметтерге жүгіну мүмкіндігі туралы хабардар ету;

6) ІІО-ны, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - КТҚЖК), қорғаншы және қамқоршы органды балаларға қатысты өздеріне белгілі болған жәбірлеу (буллинг) фактілері туралы дереу хабардар ету, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарға жәбірлеу (буллинг) ұшыраған бала туралы ақпарат беру;

7) жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және білім беру ұйымдарында қолайлы моральдық ахуал қалыптастыру;

8) балаларға қатысты жәбірлеу (буллинг) фактілері туралы өтініштерді қарау, олардың жолын кесу жөнінде шаралар қабылдау;

9) жәбірлеуге (буллингке) зардап шеккен білім алушыларға көмек көрсету үшін өз құзыреті шеңберінде басқа органдар мен ұйымдарды тарту;

10) ата-аналардың (заңды өкілдердің) ата-ана құқықтарын теріс пайдалану жағдайлары туралы білім беруді басқару органдарын және ІІО-ны, БП КДН-ны жазбаша хабардар ету шараларын қабылдау;

11) зардап шеккен кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен мүдделерін бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайлар жойылған жағдайда жәбірлеу (буллинг) фактісі жеке жағдайды жабу туралы шешім қабылдаған жағдайларда тоқтату;

12) жәбірлеу (буллинг) жағдайлары туралы статистикалық деректерді, оның ішінде қайталап жіберу және қабылданған шаралар туралы ақпаратты аумақтық білім басқармасына тоқсанына кемінде 1 рет жолдау.

15. Жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған баламен жұмыс істеудің жеке жоспарына төмендегілер кіреді:

агрессорлармен жұмыс: агрессормен әңгімелесу және мектептің әлеуметтік педагогтарының отбасына бару; баланың ата-анасын немесе заңды өкілдерін жәбірлеу (буллинг) туралы хабардар ету, баланың коммуникативтік қабілеттерінің сапасын арттыруға жеке және топтық бейімдеу; эмоционалды-мінез-құлық көріністерін бақылау дағдыларын қалыптастыру; кез+келген адамнның адам құқықтарына, ар-намысы мен абыройына құрметпен қарауды қалыптастыру; позитивті тәрбие, балалармен қарым-қатынас, басқа балалармен тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыру бойынша нормаларды түсіндіру бойынша жеке кездесулер өткізу; жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған баламен жұмыс: баланы қызығушылықтарына сәйкес білім беру қызметінің қосымша нысандарына бағыттау, баланың эмоционалды-мінез-құлық ерекшеліктерін жеке және топтық бейімдеу, әлеуметтенуді басқару және кеңес беру, түзету, тренинг түрінде баланың өзіне деген сенімін қалыптастыру.

КТІҚҚК-нің баланы жәбірлеу (буллинг) бойынша іс-әрекеттері

КТІҚҚК баланы жәбірлеуден (буллингтен) қорғау шараларын мынадай жолдар арқылы жүзеге асырады:

 білім, денсаулық сақтау, білім беру, ІІО-ға, баланың құқықтарын қорғау функцияларын жүзеге асыратын органдарға, баланы жәбірлеудің (буллингтің)  профилактикасына және жолын кесуге бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық шараларды қабылдау туралы ұсынымдар шығару;

баланы жәбірлеу (буллинг) туралы хабарламалар қабылдау, отбасы (мекеме) туралы қолда бар ақпаратқа талдауды жүзеге асыру, басқа органдар мен ұйымдардан ақпарат сұрату;

ІІО, денсаулық сақтау, білім беру органдарына қажетті ден қою шараларын қабылдау үшін баланы жәбірлеу (буллинг) туралы мәліметтер ұсыну;

бала құқықтары бұзылуының әрбір жағдайына қатысты шешімдер және мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынымдар қабылдау;

жәбірлеуген (буллингтен) зардап шеккен баланың дағдарыс жағдайларынан шығару үшін сүйемелдеу бойынша әлеуметтік қызметтердің жұмысын үйлестіру;

қабылданған шаралар мен қызметтерге мониторингті жүзеге асыру, жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен баланың қажеттіліктерін бағалау;

жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен баламен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу қажеттігі туралы ақпаратты мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу;

жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен баланы анықтау, денсаулығын қалпына келтіру және психологиялық оңалту  жұмыстарын ұйымдастыру;

басқа балаларға агрессия танытқан балаларды тәрбиелеу, оқыту, күтіп-бағу, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қалыпты дене бітімі мен рухани дамуына теріс әсер ететін немесе оларға қатыгездікпен қарайтын ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді анықтау.

ІІО-ның баланы жәбірлеу (буллинг) фактісі бойынша іс-әрекеттері

17. ІІО баланы жәбірлеу (буллинг)  фактілерінің алдын алуда барлық профилактика субъектілерімен өзара іс-қимылды мынадай жолдар арқылы жүзеге асырады:

1) балаларға қатысты жәбірлеуге (буллингке) жолберетін адамдарды анықтау, олармен және ата-аналармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу, құқықтық ден қою шараларын қабылдау;

2) баланы жәбірлеу (буллинг), оның ішінде қатыгездікпен қарау фактілерін анықтау;

3) баланы жәбірлеу (буллинг) фактісі туралы басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға хабарлау;

4) кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілері, ата-ана міндеттерін орындамау туралы келіп түскен хабарламаларды қарау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес тергеу жүргізу;

5) кәмелетке толмағанның қатысуымен тергеу әрекеттерін және басқа да іс-шараларды жүргізу үшін оның заңды өкілін, мұндай болмаған кезде не олардың болуы баланың мүдделеріне қайшы келетін кезде баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілін, педагогтерді немесе психологтарды тарту;

6) жәбірленушіні не оның заңды өкілін адвокаттың қатысу құқығы туралы хабардар ету. Жәбірленушінің не оның заңды өкілінің жазбаша қолдаухатына сәйкес адвокаттың қатысуы туралы қаулы шығару;

7) баланы жәбірлеуге (буллингке) жол беретін адамдарға қатысты материалдар жинау туралы КТІҚҚК, қорғаншылық және қамқоршылық органдарын хабардар ету;

8) құқықтық көмек көрсету және консультация беру.

 Денсаулық сақтау ұйымдарының баланы жәбірлеу (буллинг) фактісі бойынша іс-әрекеттері

Денсаулық сақтау ұйымдары жәбірлеу (буллинг) фактілерінің алдын алуда барлық профилактика субъектілерімен өзара іс-қимылды мынадай жолдар арқылы жүзеге асырады:

1) баланы жәбірлеу (буллинг) фактісін анықтау;

2) баланы көзбен шолып қарап-тексеруді жүргізу;

3) ІІО-ға, КТІҚҚК-ға, қамқоршылық және қорғаншылық органдарына өздеріне мәлім болған кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілері туралы дереу хабарлау, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарға жәбірлеуге (буллингке) тап болған бала туралы ақпарат беру;

4) медициналық көмек көрсетудің стандартталған операциялық рәсімдеріне сәйкес жәбірлеуден (буллингтен) зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету;

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы