Мексикада Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды
Мексиканың Монтеррей қаласында танымал әнші Димаш Құдайбергеннің бейнесі салынған мурал пайда болды. Ерекше туынды жергілікті Dimash&DearsRegiasMty фан-клубының ұйымдастыруымен салынған.
Муралдың авторы – мексикалық суретші Antonio Art Mural. Арт-нысан Francisco Javier Mina көшесіндегі 1 140-үйдің қабырғасына салынған. Жанкүйерлер бұл туынды арқылы Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени байланысты көрсетуді мақсат еткен.
Жанкүйерлер мұралды Димаштың Монтеррейдегі концертіне орай әзірлеген. Әнші 14 қарашада DIMENSIONS әлемдік туры аясында қалада өнер көрсетеді.
Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Германияда концерт алдында бас қосқан болатын.
Сондай-ақ, 18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына ұсынды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған мыңдаған жанкүйердің басын қосқан бұл концерт бірнеше континентте жалғасатын әлемдік турдың басталуына жол ашты.