Медициналық мобильді топтардың міндеті қандай?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Жас қанат» бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жалпы тәжірибе дәрігері Меруерт Көшенова онлайн брифинг барысында медициналық мобильді топтардың міндеті жайлы айтып берді.

Оның айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен барлық емханада мобильді топ құрылған.

Олардың негізгі атқаратын міндеті - респираторлық ауруы бар науқастарды, пневмония және коронавирус инфекциясына күдікті науқастарға қызмет көрсетеді. Мобильді топтың құрамында учаскелік дәрігер, акушер, фельдшер, әлеуметтік қызметкерлер бар. Бір эпидемиологиялық жағдайға байланысты 5 мың тұрғынға 1 мобильді топ құрылады. Біздің емханамызда 27 мыңдай науқас тіркелген. Сондықтан 5 мобильді топ құрылған. Олар науқасты қашықтан қабылдап, ем жүргізеді. Сонымен қатар, қажеттілігіне қатысты тегін медициналық дәрілермен қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда ПТР тестілеумен қамтамасыз етеді. Одан бөлек, науқаста аурудың ауыр өтуіне байланысты тегін компьютерлік томография тағайындалады, - дейді дәрігер. 

Сонымен қатар, ол қауіп-қатер тобына жататын науқастарда коронавирус ауруы ауыр өтетінін жеткізді.

Коронавирус ауруы әр адамда әртүрлі жағдайда өтуі мүмкін. Симптомды кезде орташа және ауыр дәрежеде өтеді. Қауіп-қатер тобына жататын науқастарда ауыр дәрежеде өтуі мүмкін. Олар егде жастағы адамдар және қанайналым жүйесінде ақауы бар адамдар. Артериялық гипертензия мен жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын науқастар. Одан бөлек, қант диабетімен ауыратын және семіздікке шалдыққан науқастар да қатер тобына жатады. Бұл ерекше бақылауды қажет ететін топтар, - дейді ол. 

Бұл науқастардың сырқаты емді қабылдау нәтижесіне байланысты емес, олардың медициналық көмекке қаншалықты ерте жүгінгеніне бе байланысты екен. Яғни ол өздігінен үйінде ем алды ма? Профилактикалық ем-шаралардың барлығын қадағалап жүрді ме? Қосымша мамандардың көмегіне жүгінді ме? Сонымен қатар, өмір сүру деңгейі, жас ерекшелігі сынды барлық фактор әсер етеді. 

Мобильді топтар науқас үй жағдайында қаншалықты оқшаулана алатынына мән береді екен. Егер науқастың оқшаулануға жағдайы болмаса, инфекциялық стационарға жіберіледі. Науқастың жағдайы жеңіл дәрежелі және үй карантинін сақтауға қолайлы болса, үйінде ем қабылдай береді. 

Пандемия басталғалы біздің емханамызда 145 симптомсыз коронавирус инфекциясы тіркелген. 98-інде орташа дәрежеде, 80 науқас ауруханаға жатқызылған. Жалпы 2 мыңнан астам науқас бақылауда болған. Қазір учаскелік дәрігерлер мен мейірбикелер белсенді жұмыс атқаруда. Қауіпті топқа жататын науқастармен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде. Оларға күнделікті түсіндірме, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде. Ол парақта қай кезде медициналық мекемеге жүгіну керектігі, мекеменің телефон нөмірлері, call-орталығының нөмірі көрсетілген. Егер науқаста қандайда бір шағым немесе медициналық мекемеге айтары бар болса, онда қосымша нөмірлер көрсетілген, - дейді Меруерт Көшенова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы