Мәжілісмендер де Риддерде зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы Риддердегі тұрғындарға көмек көрсету үшін Мәжіліс депутаттарының бір күндік жалақысын аудару туралы Қаулы қабылдады.

Қаражат Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласына орман өрті салдарынан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін қалпына келтіруге бағытталады, - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 10 мамырда сағат 13:30-да Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында қураған ағаштың жанғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сенаторлар да Риддердегі өрттен зардап шеккендерге бір күндік еңбекақысын аударды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы