Мәскеуде төбелес болып, қазақстандық жігіт ұсталды – СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ресей ақпарат құралдары төбелесте ресейлік жазушы, сатирик Михаил Жванецкийдің ұлы болған деп жазды.

Мәскеуде жастардың арасында төбелес болып, Қазақстан азаматы ұсталған. Бұл туралы СІМ апта сайынғы брифингі барысында ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 

Біздің Мәскеудегі консулдық қызметкерлеріміз аталған ақпаратты тексерді. Мәскеу полициясымен байланысқа шықты. Ресей азаматын ұрды деген күдікпен Қазақстан азаматы болған. Ол – Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті. Қазіргі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан басқа әзірге ешқандай ақпарат жоқ, - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында қазақстандық елшілік қызметкерінің қатысуымен орын алған оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын.

Сонымен қатар, Қазақстанның АҚШ және Ресейдегі елшіліктері Telegram бот ашқаны туралы айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы