Мәскеуде екі полиция қызметкері жарылыстан қаза тапты

Мәскеудің оңтүстігінде сәрсенбіге қараған түні жол-патруль қызметінің екі инспекторы жарылыс салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитеті мәлімдеді. Оқиға Елецкая көшесінде болған. Тергеу мәліметі бойынша, түнде жол-патруль қызметінің қызметкерлері полицияның қызметтік көлігінің жанында күдікті тұлғаны байқап, оны тексеру және ұстау үшін жақындаған. Сол сәтте жарылғыш құрылғы іске қосылған. Салдарынан екі полиция қызметкері мен олардың жанында болған адам қаза тапты. Жалпы оқиғадан үш адам мерт болды.

Тергеу комитеті оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қосымша мәліметтер әзірге жарияланбады.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та қарттар үйінде болған жарылыстан екі адам қаза тапқан болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы