Испания билігі Сеутаға қосымша 500 полицей жіберді. Елдің Ішкі істер министрі заңды түрде болуға рұқсаты жоқ мигранттардың Мароккоға қайтарылатынын мәлімдеді. Қазір Сеутада шілдеде заңсыз кірген шамамен 5 мың адам бар.
Шілде айының соңында 70 мыңнан астам мигрант Мароккодан теңіз арқылы Сеутаға өтуге тырысқан. Испания билігінің мәліметінше, олардың 48 мыңы Мароккоға қайтарылған, ал шекарадан өтуге әрекет кезінде 141 адам қаза тапқан.
Бұған дейіін Испания мен Марокко әлеуметтік желілерде мигранттардың Сеутаға жаппай өтуге жаңа әрекет жасайтыны туралы ақпарат тарағаннан кейін шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейткен болатын.