Маңғыстау өңірінде күмәнді қаржы пирамидаларының тізімі жарияланды
36 мыңға жуық маңғыстаулық азамат әлеуметтік желілердегі заңсыз қаржы пирамидаларына тіркелген. Аймақта қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі бойынша 6 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қылмыстық істің екеуі соттың қарауында, біреуіне сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Ал 3 қаржы пирамидасына қатысты іс өзге өңірлердегі құзырлы органдарға тапсырылған.
Мамандар алаяқтарды Telegram-бот арқылы тексеруге болатынын айтады.
«CHAYTAITING қаржы пирамидасы сотқа дейінгі тергеу сатысында, сондай-ақ экономикалық тергеу бөлімінің өндірісінде қаралып жатыр. 14 адам жәбірленуші деп танылды, жалпы шығын көлемі - 11,5 млн теңге, – дейді Маңғыстау облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Алексей Клеменко.
Тергеушілер тұрғындардан Маңғыстау облысы бойынша анықталған мына қаржы пирамидаларынан сақ болуды сұрайды:
JANUYA
AMANAT DRIVE
BEST WAY
ЕЛІМ АЙ 2019
ВЫГОДНЫЙ ЗАЙМ
GAP
SINCERE SYSTEMS GROUP
L CAPITAL
WORLD BUSINESS CONSULTING
INCRUISES
EVOLUTION CORPORATION
AKSHAALNALYM
BUSINESS GAME
LIFE IS GOOD
Q-NET
RIVER COINS